Кафедры
«Қазақ филологиясы және екінші шет тілі» кафедрасы
«Қазақ филологиясы және екінші шет тілі» кафедрасының негізі 1996 жылы қаланған. Әр жылдары кафедраға ф.ғ.к., доцент Жалғасбаева Ж.С., ф.ғ.к., Жакупова С.Х., ф.ғ.к., доцент Сембиев Қ.З., ф.ғ.к., доцент С.А.Кенжеғалиевт.б. меңгерушілік етті. 2020 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы С. Шаймұрат.
Қазір кафедрада 10 оқытушы қызмет атқарады. Оның біреуі – филология ғылымдарының докторы, профессор, үшеуі – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, төртеуі – магистр.
20 жылдай тарихы бар «Қазақ филологиясы және екінші шет тілі» кафедрасы бүгінгі таңда «6В01701– Қазақтілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар (бакалавриат) дайындайтын кафедра.
Кафедрада шетелмен байланыс жақсы жолға қойылған. Профессор-оқытушылар әртүрлі халықаралық оқу орындармен ғылыми байланыс жасайды, олардың ішінде АҚШ-ғы Балтимор қаласындағы жоғары оқу орындарымен және Ресей, Қытай, Түрік елдерінің жоғары оқу орындарымен тікелей байланыс жасайды.
Кафедра ғалымдары мектеп оқушыларына ғылыми бағыт беріп, ізденушілік жұмыстарына жетекшілік етеді.
Кафедра құрамы
· Шаймұрат Сәлдет– педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі
· Савченко Таисия Тимофеевна-ф.ғ.д., профессор
· Кенжеғалиев Саян Ақылжанұлы – ф.ғ.к., доцент
Калиева К.М.– ф.ғ.к., доцент
· Жанұзақова Қарлығаш Қалдарқызы- ф.ғ.м., аға оқытушы
· Ержанова Бибігүл Жақсылыковна - ф.ғ.м., ағаоқытушы
· Қазкен Айпара Бағдатқызы – п.ғ.м., оқытушы
· Аханова Айзада Жеңісовна - п.ғ.м., оқытушы
· Айтжан Д.К.– п.ғ.м., оқытушы
Білім беру бағдарламасы
Кафедра – «6В01701– Қазақтілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар (бакалавриат) дайындайды.
Бітіруші түлектер оқуды тамамдаған соң мынадай салаларда қызмет атқара алады:
- білім: (жалпы орта білім беретін, кәсіптік орта білімберетін мектеп, мекемелер, гимназия, лицей, колледждердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі);
- ғылым зерттеу ісі: (зерттеуші-мұғалім, шығармашылық және басқа да жоба қызметкері);
- БАҚ: (баспа редакторы, диктор);
- Баспаісі: (баспа редакторы);
- Мемлекеттік қызмет: (мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардағы түрлі деңгейдегі қызметкерлер).
Кафедрада жасалатын ғылыми бағыттар
Кафедраның ғылыми негізгі бағыты: Қазақстандағы көптілділік – білім беруді жаһандандырудың көрінісі.
Ғылыми-зерттеу жұмысы, бiлiм беру жүйесінің ажырамас бөлiгi. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы түрлі бағыттарда ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізуде.
Кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеу жұмысының негізгі нысандары:
- мақала, баяндама, сын-пiкiр дайындау;
- ғылыми конференция мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар дайындау, нәтижелерін жинақтау, қорытынды жасау;
- дипломдық жұмыстардың жазылуы барысындағы ғылыми жетекшілікті жүзеге асыру;
- студентердің ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру және т.б.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы (ПОҚ) лингвистика, мемлекеттік және шет тілдерді оқыту әдістемелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Кафедраның ПОҚ- ның ғылыми басты бағыттары:
- көптiлдiк білімі: аудару барысында туатын теориялы, тәжірибелік мәселе;
- мемлекеттік, шет тілдерді оқыту кезінде жаңа тиімді, нәтижелі әдістерді қолдану.
Көптілдік бiлiмiндегi инвестициялық зерттеулер, аудару барысында туатын теориялық, тәжірибелік мәселелер, қазақ әдебиетінің шығармаларын өзге шет тiлдерге аударғанда тексеру жүргізу – осының бәрі ПОҚ кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысының басты тақырыптары.
Оқытушылар қазіргі қазақ, орыс және шетел тіл білімін келесі инициативті ғылыми тақырыптарға жұмыс істейді:
- «Тiлдiк лексиконның берiлу жолдары»;
- «Қазақ би-шешендерінің әдеби мұрасы»;
- «Жыраулар шығармаларының тiлi»;
- «Қазiргi қазақ романдарындағы каhарманның рухани әлемi (60-80 ж.)»;
- «Қазақ тiлiндегi реликт түбiр морфемалар»;
- «Көркем әдебиет шығармалардағы онейропоэтикасы»;
- «Қазақ әдеби сыны»;
Оқытушылардың ғылыми зерттеу нәтижесінде республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, халықаралық және республикалық ғылыми-әдістемелік семинарлардың апробациясы өтіледі; студенттер курстық, дипломдық жұмыстарды жазғанда, оқытушылардың ғылыми зерттеу нәтижесі қолданылып жатыр, тағы да жоғары оқу орындарының және мектептерінің оқу үрдісіне енгізіледі.
Кафедраның ғылыми әлеуетін ғылыми дәрежесі мен атағы бар тәжірибелі мұғалімдер:
Савченко Т.Т. - филология ғылымдарыныңдокторы, профессоры
Ғылыми бағыты: орыстілі мен әдебиеті.
Кенжегалиев С.А. - филология ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми бағыты: қазақ тіл білімі
Аханова А.Ж. – педагогика ғылымдарының магистрі.
Ғылыми бағыты: жалпы филология.
Жанузахова К.К.- педагогика ғылымдарының магистрі.
Ғылыми бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті.
Шаймұрат С. - педагогика ғылымдарының магистрі.
Ғылыми бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті.
Қазкен А. - педагогика ғылымдарының магистрі.
Ғылыми бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті.
ПОҚ басылымдары:
Кафедра оқытушылары ғылыми зерттеуінің негізгі бағытының тақырыбы бойынша ғылыми мақалаларды жариялап, әр түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысу үшін, ғылыми баяндамаларды жасайды.
Негізгі еңбектері:
Ф.ғ.к. Тлеубекова Б.Т. «Қазақ романы: образ және типология» монографиясы, «Қазақ романы: көркемайшықтар және типология», «Қазақ романдарын оқыту жолдары» (2013 ж.) оқу құралдары.
Ф.ғ.к. Кенжеғалиев С.А. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың психолингвистикалық қырлары. Қарағанды 2015. Монография.
Ф.ғ.к. Кенжеғалиев С.А. Жыраулар поэзиясындағы көнерген сөздер. Методикалық құрал.Қарағанды қ., 2013ж.
Ф.ғ.к. Кенжеғалиев С.А. Шартты рай формасы арқылы жасалған құрмалас сөйлемдер. Методикалық құрал.Қарағанды қ., 2013ж.
Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы Кенжеғалиев Саян Ақылжанұлы
ППС кафедры
Айтжан Д.К. - м.г.н., преподаватель
Алексеева О.Г. - м.и.ф., ст.преподаватель
Альжанова А.Ы. - м.г.н., преподаватель
Аратаева А.Т. - к.ф.н., доцент
Бейсен Д. - м.п.н., ст.преподаватель
Ганеев Р.Р. - м.г.н., ст.преподаватель
Жакулаев А.М. - м.п.н., преподаватель
Исабаева Н.С. - к.ф.н., преподаватель
Кенжеғалиев С.А. - к.ф.н., доцент
Черепнин Ю.Ю - м.г.н., ст.преподаватель
Кафедра Теории и практики английского языка
text
ППС кафедры
Жанұзахова Қ.Қ. - м.п.н., ст.преподаватель
Исқанова Ж.Қ - п.ғ.м., преподаватель
Луговой А.А. - м.п.н., преподаватель
Садвакасова А.М. - м.г.н., преподаватель
Тлеубекова Б.Т.-.к.ф.н., доцент, профессор кафедры «Казахской филологии и 2ИЯ»
Фирсов В.В. - м.п.н., преподаватель