Біздің түлектер
Академия туралы толығырақОрталық Қазақстан академиясы (ОҚА)- жоғары білікті мамандарды дайындайтын Жоғарғы оқу орны, мұнда оқыту қазіргі заманғы инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, классикалық білім берудің үздік дәстүрлеріне негізделген. ОҚА негізгі элементі - кәсіби ортаға терең бойлап,маман болу.
Біз алдымызға еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары кәсіби мамандарды дайындайтын беделді оқу орнын құруды мақсат етіп қойдық. Жоғары білікті мамандарды даярлау 24 білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып жүргізіледі.
Оқыту толық (орта жалпы білім беру негізінде) және қысқартылған (жоғары кәсіптік білім беру және орта кәсіптік білім беру базасында) оқу кезеңдерімен жүзеге асырылады.