Академиялық ұтқырлық
-
Академиялық ұтқырлық - бұл білім алушыларды немесе оқытушыларды белгілі бір академиялық кезеңге басқа жоғары оқу орнына, ел ішінде немесе шетелде оқыту немесе зерттеу жүргізу үшін ауыстыру мүмкіндігі.
-
-
Біздің ЖОО-дағы академиялық ұтқырлық екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: студенттерді қазақстандық серіктес ЖОО-да оқыту және шетелдік ЖОО-да оқыту. Ұтқырлық бағдарламалары серіктес жоғары оқу орындары арасындағы шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
-
-
Академиялық ұтқырлық студенттерге, магистранттарға, жас ғалымдарға Қазақстанның және шет елдердің әртүрлі қалаларында өмір сүруге, оқуға, жұмыс істеуге, тағылымдамадан өтуге, басқа мәдениетті білуге, түрлі қалалардан, елдерден, континенттерден достар табуға мүмкіндік береді.
-
-
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу біздің студенттер мен магистранттарға шет тілін меңгеру деңгейін жақсартуға, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдетуге, елді жақсы білуге, қазақстандық және шетелдік құрдастарымен танысуға мүмкіндік береді.